Қорғаншылық кеңес отырысының №4 хаттамасы
Жалпы білім беретін Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп
18.05.2019ж
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесінің төрайымы ата-аналар, қоғамдық өкілдер.
Күн тәртібінде:
1.Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуы. Хабарламашы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қапанова Г
2.Мектеп жарғысында өзгерген өзгерістермен таныстыру. «Мектеп қабырғасында «смартфон» (ұялы телефондарды) ұстауға тыйым салынуы». Хабарламашы: Кадырова Б
3.Мектеп ауласын көгалдандыру. Хабарламашы: Қамқоршылық кеңестің төрайымы: Бахитова М
5.Екі айлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру туралы. Хабарламашы: Наубетов Қ, Тулешова А
6.Мектеп күзетшілері мәселесі.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Капанова сөз бастады.
«Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі -балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектебімізде жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Мектепте наркологиялық бекеттер жұмыс істейді. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде бірнеше спорттық үйірмелер жұмыс жасап, оған оқушылардың 36 пайызы тартылып отыр.
Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер органдарында есепте тұрған оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты.
Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты бүгін мен Сіздер үшін ҚР Баланың құқықтары туралы заңына тоқталып өтсем деймін.» деп ата-аналарға аталған заңға, оның тарауларына тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, ата-аналардың баланы күтіп-баптаудағы жауапкершілігі мен міндеттеріне де жеке тоқталып кетті.
«Жоғарыда аталған заңды нормативтік құжаттардың мақсаттары мен міндеттерін толық баяндап жеткізуде жастар арасында тәртіп орнату, тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру, қылмысты болдырмау жолдарын дамытып, жандандыру ол сіздермен біздің бірлесе отырып, яғни мектеп пен ата-ана болып жұмыс жасағанда ғана жүзеге аспақ. Сонда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар азайып балаларымыз құқылы, дербес ортада өмір сүреді» деп, сөзін аяқтады.
Қазіргі таңда «смартфон» ұялы телефондары білім беру процестеріне кері әсерін тигізіп, оқушылар интернет желілерге бақылаусыз қол жеткізіп, оқушылардың білім алуына кедергі келтіруде, сонымен қатар осы ұялы телефондардың ұрлану жағдайлары көптеп орын алуда. Осы орайда, мектеп жарғысына сүйене отырып, ата-аналарға «мектеп қабырғасында «смартфон» (ұялы телефондарды) ұстауға тыйым салынуы» туралы сұрақты ата-аналар жиналысында қарастырылсын деген тапсырма келді. Ұялы байланыс телефондарын мектепте пайдалануға тыйым салынғандығын өткен жиналыстарда да ескертіп айтқан болатынбыз. Сабақ үстінде оқушыларға смартфон пайдалану бұл атүсті қабылданған шешім емес. Мұндай шешімге келмес бұрын бірнеше зерттеулер жүргізілген. Көп функциялы қымбат гаджеттер оқушыны негізгі міндетінен алаңдатып, бар уақытын алып қана қоймайды. Медицина мамандарының айтуынша, ұялы телефонға үңілген баланың көзінің көру қабілеті нашарлайды. Смартфонды серік еткен оқушылардың 20 пайызы жылдар өткенде "миопия" дертіне ұшырауы да мүмкін. Басқа да нақты себептер бар. Жасөспірімдер арасында қылмыс санының артуына да қымбат смартфондар себепші болады. Бала ата-анасымен хабарласуы үшін телефон ұстауға құқылы. бірақ, ол қымбат смартфон емес, бағасы 4 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, яғни 9 мың теңгенің қарапайым ұялы телефоны болуы керек» деп сөзін қорытындылап, ата-аналарға осы мәселеге әлі де үлкен жауапкершілікпен қарауларын ескертті.
Қамқоршылық кеңес төрайымы М. Бахитова осы мәселе бойынша сөз сөйледі: қамқоршылық кеңестің мүшелері мен мектеп оқушыларының ата–аналарының келісімімен мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай, оқушылардың мектеп формасын, оқу құралдарын, оқушыларының сумкасын тексеруге, смартфондарды бақылауға қарсы еместігін айтты. Қамқоршылық кеңес мүшелері алдағы уақыттарда осы жұмыстарды жалғастырады.
Оқушы мен табиғат арасындағы үйлесім үзілмеуі тиіс. Сонда ғана баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігі өседі. Оқушылар өз қолдарымен мектеп алдына терек ағаштарын және көп жылдық, бір жылдық, питуня т.б. әсем гүлдерді мамыр айында бұйырса отырғызамыз. «Жазғы демалыс кезінде оқушылардың еңбек практикасын ұйымдастыру» туралы оқушыларды еңбекке баулу, табиғатты аялау, көркейту, гүлдендіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жазғы практика жұмыстары жүргізіледі. Еңбек практикасында ағаштарды, гүлдерді суару, қопсыту, және тазалық жұмыстары жүреді.
Төртінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Қадырова Бекі айлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы №1254 қаулысымен қаланы және елді-мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде екі айлық іс-шараларды бекіту мақсатында 2019 жылдың, наурыздың 29 - мен 1 маусым аралығында мектеп ұжымының, мектеп оқушыларының қатысуымен мектепішілік таза сенбілігі ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылды. Жұмыстар басталып кетті.
Мектеп күзетшісі туралы мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы М. Бахитова өз ойын айтты:
-Қазіргі күнде мектеп күзеті қалыпты жағдайда. Күзетшілер бірнеше жылдан бері жұмыс жасайтын, қалыптасқан жауапкершілікті мамандар. Мекеме басшысы тарапынан әкімшілік ескертулер немесе жұмысқа келмеу, кешігу сияқты фактілер кездеспеген. Демалыс уақыттарында мектеп күзетшілері мектеп ауласындағы балалардың қауіпсіздігін бақылап отырады. Мемлекеттік мүліктердің қалыпты сақталуын қамтамасыз етеді. Тұрғылықты жері бойынша да мектеп маңында тұратын болғандықтан және балаларының осы мектепте оқуына байланысты ата-аналармен, сыртқы ортамен қарым-қатынасы жақсы. Мектептің жылу қуаты мен су құбырлары, канализация жүйелері, өрт дабылы бойынша хабары бар. Сол себепті мектеп күзетшілерін өз жұмыс орындарында қалдырғанды жөн деп санаймыз.
Қаулы:
- Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарының алдын алу шаралары ата-аналар тарапынан қатаң назарға алынсын.
- Мектепте ұялы смартфондарды ұстауға қатаң тыйым салынсын. Смартфондарды тексеру, бақылау жұмыстарын жүргізу қамқоршылық кеңес мүшелеріне жүктелсін.
- Көгалдандыру жұмысы, мектеп ауласы жаз бойы қадағалауға алынсын.
- Мектеп ұжымы, оқушылары сенбі күндері, сенбілікке қатыстырылсын.
- Мектеп күзетшілерінің өз істеріне жауапкершілікпен қарайтынын ескере отырып, мектеп күзетшілерін орнында қалдыруды сұраймыз.
Кеңес төрайымы: М. Бахитова
Хатшы: Капанова Г









