Жаңа 2021-2022 оқу жылына дайындық басталып жатыр. Мектеп асханасына бір мезгіл берілетін ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында қайта конкурсты өткізу туралы веб-порталға жарияланды.
2021-2022 оқу жылына тегін ыстық тамақпен қамту мақсатында оқушылар тізімі жасақталады. 1-4 сынып оқушылары мен 5-11 сыныптың аз қамтылған отбасы оқушыларына берілетін ыстық тамақтың сапасы мен қауіпсіздігіне бекітілген ас мәзіріне сәйкестігінен қадағалап,мемлекет тарапынан берілетін тегін тамақтың берілу сапасын,мөлшерін жан-жақты зерделенеді. Зерделеу кезінде тамақтың сапасы, оқушылардың жас шамасына қарай бөлінген мөлшері талапқа сай болуын, қазіргі санитарлық жағдайға сәйкес балалардың тамақ ішіп отырған кезінде бөгде адамдарды барынша асханаға кіргізбей тұра тұруын қадағалау сияқты жұмыстар жүргізіледі.









