Ұстаз деген- зор құрмет, абырой,
Жақсы ұстазда керемет бар ақыл ой.
"Ұстаз" деген - құрметті бұл мамандық,
Ойлайтыны тек жақсылық, адалдық.
Егерде ұстаз оқытпаса білімге,
Бұл əлемді басар еді надандық.
Сол себепті сұранарым Алладан,
Ұстаздарға келмесін деп жамандық.
Ұстаз деген - ол мектептің жүрегі,
Ұстаз деген - ол білімнің тірегі.
Небір ғалым, данышпандар білсеңіз,
Олардағы сол ұстаздың түлегі.

Мектебіміздің педагог -психологтары Еспусинова Гулбану Қадырбайқызы мен Тауманова Балжан Махмудқызының Білім алушыларды қашықтықтан оқыту кезеңінде ұстаздарға арнаған психологиялық қолдау көрсету бойынша ұсынымдары