«Ешкім де еш нәрсе де ұмытылмайды» бабаларымыздың батырлық ерлігі , даңқты жолдары- ұрпаққа өнеге. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел даусы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұрандары жерін қорғады, халқынын өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама!
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай аудандық мәдениет үйі 13-сәуір және 30 сәуір аралығында "Біз жеңісті жырлаймыз" атты аудандық онлайн патриоттық ән- байқауын жариялаған болатын. Оған ауданға қарасты 7 округтан үміткерлер қатысып бақтарын сынады. Мектебіміздің 9"ə"-сынып оқушысы Сағидоллин Нұрдәулет- Х.Ерғалиев ауылы ІІІ дəрежелі дипломмен марапатталды.? ? Мектеп ұжымы атынан шəкіртімізді құттықтаймыз!
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#АтырауƏдістемелікорталығы
#ОрынтайБиманова










