"Қоңырау үні. Бұл үн білім кемесі - мектеп қабырғасынан шыққан əрбір адамның құлағына таныс, жүрегіне жақын.
Алғашқы қоңырау - балалық арманыңды жетелеп, білім алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үні-кəмелетке толып, оң мен солын танып ,қанаттанған бозбала мен бойжеткендерді арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады. Соңғы қоңырау - осындай қимас қоштасу əуені сəтімен ыстық. Білікті маман иесі болғайсыздар! Болашақтарыңыз жарқын болсын түлектер! Біз сіздерді мақтан етеміз.









