"Жетістікке жетудің үш ережесі : өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету. "

 

Халықаралық «Балаларды қорғау күніне» арнап, 31 мамыр – 2 маусым аралығында Атырау облысы дене шыңықтыру және спорт басқармасы мен Ғ.Ә.Айдаралиев атындағы облыстық шахмат федерациясы chess.com сайтында шахматтан облыстық ашық онлайн турнирін ұйымдастырды. Оған Атырау қаласы мен облыстың Мақат, Индер, Құрманғазы, Исатай аудандарынан сондай-ақ, республикамыздың Шымкент, Ақтөбе, Тараз қалаларынан 90 шахматшы қатысты. Олардың ішінде көптеген халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, облыс чемпиондары қатысып сайысқа түсті. Шахматшылар жарыс ережесі бойынша "блиц", "рапид", "композиция" номинациялары бойынша жарысты. 3 күнге созылған турнирлердің нәтижесі төмендегідей болды.

Шахмат композициясы

Ұлдар:
1 – орын: Нұралы Нұрдаулет, Исатай ауданы
2 – орын: Махфузов Алишер, Атырау қаласы
3 – орын: Айтекенов Исабек, Құрманғазы ауданы

Қыздар:
1 – орын: Левина Ольга
2 – орын: Садирова Жанель
3 – орын: Сюғали Айша

2004 ж.т. және төменгілер:

Ұлдар турниры «Блиц»:

1 – орын: Абдуллаев Аят
2 – орын: Әмірәлі Абзал
3 – орын: Ғалымжанұлы Ибрагим

2004 ж.т. және төменгілер:

Қыздар турниры «Блиц»:

1 – орын: Нұрғалиева Зарина
2 – орын: Нұрғалиева Марина
3 – орын: Огай Настя (Ақтөбе қаласы)

2006 ж.т. және төменгілер:

Ұлдар турниры «Рапид»:

1 – орын: Жарылғасов Аят (Ақтөбе облысы)
2 – орын: Қамбар Ерсұлтан
3 – орын: Мазғуд Тамерлан

2010 ж.т. және төменгілер:

Ұлдар турниры «Рапид»:

1 – орын: Саурбаев Димаш
2 – орын: Жетпіс Ержан (Мақат ауданы)
3 – орын: Рахманберді Алиасқар

2005 ж.т. және төменгілер:

Қыздар турниры «Рапид»:

1 – орын: Сабырбай Зарина
2 – орын: Қожанова Ильназ(Ақтөбе облысы)
3 – орын: Иманғалиева Факия