Қадірлі жамағат!
Әлемге таралған індет елімізге ауыр зардаптарын тигізуде. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 13- шілде Жалпыұлттық Аза тұту күні болып жарияланды.
Осы жаман індеттен келместің кемесіне мініп кеткен барша Қазақстандықтардың отбасына, жалпы жамағатқа қайғырып көңіл айтамыз.
Бейбіт күнде еліміздің көк туы төмен түспей, биікке желбіресін!
Алла халқымызға сабыр мен төзім бергей, жақсы да жарқын күндерімізді жақын қылғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай, баршаңызға мұқалмас қайрат, зор денсаулық тілейміз!
Жалпы білім беретін Ғибатолла Мəсəлімов атындағы орта мектеп ұжымы бүгінгі ауыр күннің салмағын бірге көтерісе отырып, еңселі елдің ертеңіне үлкен үмітпен қарайтынымызды жеткіземіз. Әр қазақ біздің жалғызымыз екенін ұмытпайық.
Ғ.Мəсəлімов атындағы орта мектебінің директоры:Қабиев Парух Ғатауұлы
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#АтырауƏдістемелікорталығы
#ОрынтайБиманова
#ҚамысқалаƏкімшілік











