Қазақ елі! Бүгінгі біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймыз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен-үлкен бақыт тілеп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер демекпіз!
Ата заңымыз еліміздің барлық жетістіктердің бастауы, құқық теңдігі мен барлық қазақстандықтарға бірдей мүмкіндіктерді беретін серік.
Біз қазақстандықтарға, көп ұлтты елімізге бірлік, тыныштық, ашық аспан, береке мен азаматтық жауапкершіліктің көтерілуін, қоғамдық тұрақтылық тілейміз.