Өмір деген- ойын да емес, той да емес,
Басқалардан биік тұрар бой да емес.
Өмір деген- шахмат емес шатасқан,
Өмір деген -ұта қояр дойбы емес.
Өмір оны көре жатар дәлелдеп,
Өмір деген -еңбек, еңбек және еңбек.
Өмір деген -бақыттың да құсы емес,
Қарап жатсаң қона қалар саған кеп.
Мектебіміздің 11-сыныптарына "Тағдырымның бақытты билеті" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты: Оқушылардың бақытты сәттерін естеріне ала отырып, өмір құндылығы туралы түсініктерін тереңдету, өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие
#Atyrau_mektep_tarbie









