✍️ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ, әнші:

?Құрметті ұстаздар!
Сіздердің ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріңіз орасан зор. Баға жетпес ұстаздық еңбекпен балаларға тіреу бола білген ізгі ниеттеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Қазіргі пандемия жағдайында білім жолында бар күш-жігерлеріңізді жұмсап жатырсыздар. Қашықтан оқытудың қиындықтарына қарамастан, Сіздердің еңбектеріңіз елеусіз қалмайды. Баршаларыңызды ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! ?

#Ұстазыма_Мың_Алғыс
#Спасибо_Вам_Учитель

@edu_news_qz

✍️Сәкен МАЙҒАЗИЕВ, әнші:

? «Армысыздар ардақты мұғалімдер, ұлағатты ұстаздар! Сіздерді шын жүректен төл мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс тілейміз. Шәкірттеріңіз сенімдеріңізді ақтай берсін.  Сіздер тек мектептің ғана емес, бүкіл халықтың жүрегісіздер. Осы қиын-қыстау кезде оны істеріңізбен де, еңбектеріңізбен де дәлелдеп келе жатырсыздар. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Бір емес, бірнеше баланы бір мезгілде тәрбиелеу екінің бірінің қолынан келе беретін дүние емес. Сондықтан қажыр-қайрат, денсаулық тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!».

#Ұстазыма_Мың_Алғыс
#Спасибо_Вам_Учитель

@edu_news_qz

#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие