Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №3-15-7/2465-И хаты негізінде «Мектепке жол» акциясы Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектепте 2020-2021 оқу жылы аралығында ұйымдастырылуда. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың сабаққа қатысының алдын алу үшін материалдық және басқада көмек көрсету болып табылады.
Республикалық «Мектепке жол» акциясына байланысты мектеп бойынша комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары жасақталды. Акцияны ұйымдастырып өткізу мектеп директоры бұйрығымен бекітілді. «Мектепке жол» акциясы аясында міндетті оқу қорынан бөлінген 400 000 (төрт жүз мың ) теңге қаражаттан 49 оқушы мектеп формасымен (қыз балаға – ақ кофта, юбка, жакет, костюм, аяқ киім, ұл балаға – ақ жейде, костюм, жакет, шалбар, аяқ киім) қамтамасыз етілді. Міндетті оқу қорынан бөлінген 493 000 (төрт жүз тоқсан үш мың) теңгеге 17 отбасыға, яғни 32 оқушыға роутер-интернет желісімен көмек көрсетілді. Сонымен қатар қайтарымды келісім шарт негізінде 1-4 сынып оқушылары арасынан 39 оқушыға планшеттер таратылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестік арасында atamekenim.kz порталы арқылы өтініштер мен тізім бойынша көмек көрсету келісімшартына орай 30 отбасы, 76 оқушы atamekenim.kz порталына өтініш беріп тіркелді. Осы ретте "Мектепке жол" акциясы жылдағы дәстүрден өзгеше екендігін қаперлеріңізге береміз. Жыл бойы өз жалғасын табатын акция аясына барлығыңыздың демеуші болып балалардың көңіл-күйін, мерейін үстем ете алатындай мүмкіндіктеріңіз зор. Әр жақсылықтың жаршысы алдымен өзіміз бола алатынымызды ұмытпайық!
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие
#АтырауӘдістемелікорталығы
#Нарынтаңы










