"Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз."
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін әріптесіміз Жалекеев Амантай Ғайнеденұлы ұстаздар күніне орай Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған болатын. Әріптесіміз өнегелі еңбегімен, тындырымды ісімен және қарапайым да парасатты мінезімен үлкен абырой - беделге ие болған ұжымымыздың тәжірибелі, үздік маманының бірі болды. Әріптесімізге әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз. Сіз талантты, өз мамандығын жете меңгерген, қызметтестері алдында ерекше беделге ие болған жансыз. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпадыңыз.
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз. Мектеп ұжымы атынан жеткен жетістігімен құттықтаймыз!
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие
#Нарынтаңы
#АтырауӘдістемелікорталығы










