"Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген."
Ғибатолла Мәсәлімов мектебінің 1-11сынып оқушыларының қыз балаларына "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында пікірталас өткізілді. Мұнда оқушы қыздарымызға қыз баланың тәрбиесі туралы түсінік беріліп, тақырып аясында пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие









