"Сапалы білім- жарқын болашақ кепілі."
Исатай аудандық білім бөлімінің қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық мақсатында 2021жылдың 15-20ақпан аралығында ұйымдастырған апталықтың жоспарына сәйкес Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ-нің 17 ақпан күні мектебіміздің бітіруші 11-сынып оқушыларына " Сапалы біліммен болашаққа жолдама " тақырыбында пікір, тәжірибе алмасу шаралары өткізілген болатын. Аталған шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Құрманғалиева Гүлайна Махмудақызы мен әдіскер Телешова Жанар Мұқышқызы, мектебіміздің директоры Қабиев Парух Ғатауұлы, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жеткінов Эльдар Жеткінұлы, 11-сынып жетекшісі Еспусинова Гүлбану Қадырбайқызы, мектеп бітіруші 11-сынып оқушылары қатысты.
Мектеп директоры Қабиев Парух Ғатауұлы мен мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жеткінов Эльдар Жеткінұлы тақырып аясында пікір мен тәжірибе алмасып, оқушыларымызға сәттілік тілеп, ҰБТ-ге жақсы дайындалып, жақсы нәтиже көрсетуге тілектеспіз,-деп жылы лебіздерін білдірді. Мектебіміздің психологі әрі сынып жетекшілері Еспусинова Гүлбану Қадырбайқызы "Бәрі менің қолымда" тақырыбында сурет тренингін өткізді. Оқушыларымыз тренинг барысында ҰБТ-ге дайындықтары туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, өздерінің ҰБТ-ға дайындалу кезіндегі пайдалы кеңестері туралы сөз қозғады.
Оқушыларымызға ҰБТ- де сәттілік тілейміз!
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие
#АтырауӘдістемелікорталығы









