Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл – ауқатын жақсарту мақсатында 1 қазаннан бастап "Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" марафоны басталды.
Марафон отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халық қолөнерінің элементтерін сақтау және көрсету, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында өткізіледі.
«Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын сағымдай өткен бір күн,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы»,-деп ақын М. Мақатаев жырлағандай ауыл — адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.Ауыл –қазақтың алтын бесігі.
Ауылымыздың табиғаты ерекше. Кішкентай кезімізден ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Жер бедері жазық. Дәл ортасынан Бақсай өзегі ауылды екіге бөліп, ағып жатыр. Ауылымызда мәдениет үйі, кітапхана, екі мектеп,екі балабақша,аурухана және түрлі саладағы кәсіпкерлік нысандар жұмыс жасап тұр. Орталықта мешіт орналасқан. Еліміз бойынша атап өтілетін барлық мерекелік шаралар жоғары деңгейде өткізіледі. Елбасымыз «ауылды – ұлттың ұйытқысы, алтын бесігі»,- деп айтқан. Мемлекетіміздің тірегі, іргетасы ауылда. Ал, біз - еліміздің ертеңіміз.Біз өз ауылымыздың дамып, көркеюіне үлесімізді қосқымыз келеді. Ауылымызды өте жақсы көреміз.
Жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ-де " Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі " марафоны аясында ауылымыздың "Дарын өзін-өзі басқару" ұйымының бейнетүсірілімін назарларыңызға ұсынамыз.
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#Ауылымалтынбесігім









