"Мамандық таңдау -  өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.
Ең қиын мамандық - адам болып қалу."

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.
Атырау облысы, Исатай ауданы,
жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ-де 9"ә"-сыныбының ұйымдастыруымен өткізілген "Мамандық таңдайтын уақыт" тақырыбындағы видеороликті назарларыңызға ұсынамыз.
Сынып жетекшісі әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Хамзина Фарида Жұмабайқызы.

#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие
#Мамандық