Сақтардың тұла бойы толған өнер,
Оюлап өрнектеуге болған шебер.
Алтынмен аптап киген киімдерін,
Сәулетті сала білген қорған нелер.
Айғағы соның бірі – Алтын адам,
Алтынмен тұла бойы жарқыраған.
Мыңдаған жылдар ұзақ жатса-дағы,
Тұлғасын шаң басып, от шарпымаған.
"Алтын адам - ұлы жәдігер.
Ежелгі халықтардың ұғымы бойынша, алтын-мәңгі өмірді, қуаттылықты білдірген. Бір жағынан, алтын белгілі бір топтың өкілін білдірсе, екіншіден, бағалы металл ретінде күн Құдайы ұғымдарымен байланысты болды және осылайша жерленген адамды мәңгілік өмірге жетеледі.
Сақтар түсінігінде ескірмейтін, шірімейтін алтын зат мәңгіліктің символы ретінде болған. Ғылымнан белгілі, тірі кезінде алтын бұйымдар тек патшалардың киіміне ғана жапсырылған. Ал о дүниеге алтын әшекей заттармен аттандыру оның өмірін мәңгілік ету идеясымен байланысты болу керек.
Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200 - ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару - жарағы, сақинасы да алтын. Оның "Алтын адам" аталуы да сондықтан.
Атырау облысы, Исатай ауданы, жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ-де "Тарихи тұлғалар тағылымдасы" жобасын іске асыру мақсатында "Алтын адам мүсіндер шеруі" басталуда.
#АТР_Алтын_адам_мүсіндер_шеруі
#АТР_театр_фарсы
#АТР_тарих_жаңғырығы
#АТР_ұлы_даланың_ұлттық_бренді
#АТР_түлектер_вернисажы
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие
#АтырауТәрбие













