Жалпы білім беретін Ғ. Мәсәлімов атындағы КММ- сінде аудандық “Мирас” клубының мүшелерімен кездесу кеші өтті. Өлкетану саласы бойынша аудан көлемінде әр өңірдің өзіндік мүшелері арқылы, елді мекеннің зерттелмеген жерлерінің қыр- сырын іздей түсу. Клуб мүшесі ретінде мектебіміздің география пәні мұғалімі, Өлкетану үйірмесінің жетекшісі: Қабжанова Қалыгүл және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сүндетқалиева Гүлайна сайланды. Қонақтарымыз Ерболат Насимоллаұлы, Мади Рахымұлы, Жұмажанов Еркін, Бекболат Құмарұлы, Гүлмарал Бақытжанқызы өлкетану саласындағы өзіндік қызықты сәттерімен, тарихи деректерді іздеу барысындағы қиыншылықтарымен бөлісті.
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие












