Мектеп жасындағы баланың организмі дамуының өзекті кезеңі: өзіне сенімділік, оқудағы табыстар, зейін мен есте сақтау қабілеті тамақтану рационына тікелей байланысты. Балалар үздіксіз өсу және даму үстінде болады. Сондықтан тамақтану олардың тіршілігін қамтамасыз етумен қатар организмнің өсуімен даму үрдістері үшін қажет. Тамақтанудың толыққанды болмауы немесе дұрыс тамақтанудың ұйымдастырылмауы өсуді бәсеңдетеді, қоршаған ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұруды төмендетеді, аурушаңдылық артады. Оқу жүктемесінің өсуіне де тиімді тамақтанудың маңызы артады. Мектеп оқушыларының салауатты тамақтануы жөнінде бірнеше қарапайым ережелер: Бала мен жасөспірімнің күнделікті ас мәзіріне міндетті түрде ет, балық, жұмыртқа, жеміс-жидектер мен көкөністерді, сүт және сүт өнімдерін өз қажетінше көп пайдаланған жөн. Өйткені олар-дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер бойларының өсуіне, ағзалардың дұрыс дамуына және көз көруінің жақсаруына көмектеседі. Ата-аналарға кеңес ретінде балаларыңызға газдалған сусындарды, фаст-фудтарды, гамбургер, чипси, майонез қосылған салаттарды, қуырылған тағам өнімдерін бермеуді ұсынамын. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін , дені сау болуы үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, күнделікті жаттығуларын, салауатты өмір салтын сақтап, тіс гигиенасын дұрыс сақтаса дені сау ұрпақ дегеніміз осы деп ойлаймыз.
https://g-masalimova.testim.kz/kz/balalardy-tama-tandyruyn-jymdastyru/390-balalardy-tama-tandyruyn-jymdastyru.html#sigFreeId43f6f1720d









