Жаңалықтар

"Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез - келген зиялы қоғамның алтын діңгегі."

Мектебіміздің педагог - психологы Тауманова Балжан Махмудқызы Аудан мектептерінің педагог-психологтарымен 'Девиантты мінез-құлықты оқушыларды анықтау мен зерделеу" тақырыбында қашықтықтан өткізілген конференциясында өз тəжірибесімен бөлісіп, мамандардың кəсіби біліктілігін арттыруға қосқан үлесі үшін Исатай аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мектеп ұжымы атынан əріптесімізді жеткен жетістігімен құттықтаймыз!

Аудандық білім беру бөлімінің 2020 жылғы жоспарына сəйкес жалпы білім беретін мектептердегі жалпы білім беру мұғалімдерінің арасында Қашықтықтан оқыту кезеңінде бейнесабақтар дайындау дағдыларын жетілдіру, ынталандыру мақсатында өткізілген байқауға бастауыш сынып мұғалімдері Биекенова Ақгүл Өтеғұлқызы мен Қожабаева Бекзат Жоламанқызы қатысқан болатын. Нəтижесінде Биекенова Ақгүл Өтеғұлқызы 2-орын, Қожабаева Бекзат 3-орын иеленді. Əріптестерімізді жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! 

"Ерлерді ел де ұмытпас, жер де ұмытпас" -деп, əйгілі Мағжан ақын жырлағандай, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Болашақтың баяны үшін басын бəйгеге тіккен батырлардың есімі де елге елеулі.

«Ешкім де еш нәрсе де ұмытылмайды» бабаларымыздың батырлық ерлігі , даңқты жолдары- ұрпаққа өнеге. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел даусы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұрандары жерін қорғады, халқынын өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама!