Мұғалімдер күні бүгін, ұстаздың шаттанған,
Шəкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде,
Сол шəкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған .
Мұғалімдер күні бүгін, шаттық күйге кенелген,
Ұстаз жүрек сырлас əр кез білім атты өнермен.
Олар шəкірт кеуделерге сол білімнен нəр құйып,
Өмір жолда ізгілікті еңбегімен еленген.
Тойланатын əр жыл сайын, қазан айы туғанда,
Ұстаздардың мейрамы осы, толы əн мен жырларға.
Төрдегі орын Сізге, Ұстаз, төр Сіздікі, Мұғалім!
Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда.
Мұғалімдер күні бүгін, көңілге бар сыйлары,
Шəкірттері оларға гүл, əн де, жыр да сыйлады.
Тек ұстаздың мерекесі емес бүгін, шынында,
Сол ұстаздан тəлім көрген барлық жанның мейрамы! .
" Ұстаз - ұлы тұлға " атты шарамызда ардагер ұстаздарымызбен 4.10.2019
View the embedded image gallery online at:
https://g-masalimova.testim.kz/kz/zha-aly-tar/119-staz-ly-t-l-a-atty-sharamyzda-ardager-stazdarymyzben-4-10-2019.html#sigFreeIdf3cb56950a
.https://g-masalimova.testim.kz/kz/zha-aly-tar/119-staz-ly-t-l-a-atty-sharamyzda-ardager-stazdarymyzben-4-10-2019.html#sigFreeIdf3cb56950a









