24 қазан күні "Цифрлық Қазақстан " жобасы аясында мектебімізде IT кабинеті ашылды. Кабинет ашудағы басты мақсат - шəкірттеріміздің ойлау қабілетін жетілдіру, қызығушылығын арттыру.
Ғылыми жобалармен жұмыс істеуге сандық технологияны тез əрі жетік меңгеруіне ықпал жасау. Өйткені қазіргі заман талабы солай. Мұнда оқушыларға жаңа технологиялық бағыт - бағдар беру арқылы мультимедиалық, анимациялық жүйелер пайдаланылады . Оқушылар өздері кейіпкерлерін қимылдату, жүргізу мақсатында команда береді. Яғни, алгоритмді құру арқылы көлікті қозғалысқа енгізу, тоқтату , бұру əрекеттерін орындайды. Осы компьютерлік бағдарламалар арқылы өз жобаларын толықтай жасақтап қорғай алады.
https://g-masalimova.testim.kz/kz/zha-aly-tar/132-bilim-beru-zh-jesin-tsifrlandyru-ua-yt-talaby.html#sigFreeIdcee9d2b655









