Мектебімізде "Кітап - адалдық кілті" жобасы аясында " Өзің оқы да, өзгеге ұсын " кітап алмасу шарасы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - оқырман қауымның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. 

Шараға Махамбетұлы Атабек сыныптасы Қайратқали Гүлімге "Шал мен дəу" кітабын, мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Қапанова Гүлмира Бекежанқызы Қуаныш Шонбайдың "Екінші болма" кітабын мектеп тəлімгері Мурзагалиева Лиза Алибековнага, мектептің əлеуметтік педагогы Мусина Торғын Бекболатқызы Хамит Ерғалиевтің "Ақын сыры"  жəне кітапханашы Ғилыманова Гүлбану "Абайдың қара сөздері " кітабын қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Сыралиева Инабат Сыралықызына сыйға тарту етті.