Тəуелсіздік - арайлы ақ таңымсың, 

Ата-бабам аңсаған шақтарымсың. 
Бүкіл əлем көз тіккен - Қазақстан, 
Кие тұтар мəңгілік мақтанымсың.       Биыл Қазақстанның тəуелсіздігіне 28 жыл. Осыған орай мектебімізде 13-желтоқсан күні тəрбиелік шаралар өткізілді. Шараның мақсаты : Оқушыларға Еліміздің тəуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, желтоқсан құрбандары мен желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Шараға мектеп директорының міндетін атқарушы Қабиев Парух Ғатауұлы: Баршаңызды Ұлы даланың ұлық мерекесі - Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тəуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Қазіргі таңда Тəуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тəуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тілеймін. Қадамы батыл, қарышты дамыған еліміздің тəуелсіздігі тұғырлы болғай! , - деген тілегін жолдады. Мектебіміздің оқушылары аталған шараға белсенді қатынасты.