"Ойынныңережелерін жақсы меңгеріп ал. Содан кейін барып, басқалардан жақсы ойнауды бастау керек ".
Мектебімізде 18 қаңтар күні ауыл үлкендері арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан сайыс өткізілген болатын. Сайысты Қамысқала ауылдық округінің əкімі Тəжиденова Рафиғат Əнуарбекқызы мен ауылымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы Мусин Бекболат Құмарұлы " Үстел ойындары - ұлттық ойындарымыздың бір тармағы. Бүгінгі шара - ұлттық ойындарымызды насихаттауға жол ашады ", - деп ойлаймыз. Ойында ұшқыр ойлы, тапқыр бола отырып, жеңіске жетіңіздер, - деген өз тілектерін білдірді. Сайыс нəтижесінде əріптесіміз Жалекеев Амантай Ғайнеденұлы мен мектебіміздің оқушылары болған Тұрсынғалиұлы Эльдар, Меңдекенова Бекзада Меңдекенқызы шахмат ойыны бойынша жүлделі орын иеленіп, сыйлық табыс етілсе, дойбы ойыны бойынша Жалекеев Амантай Ғайнеденұлы мен Ғайнеденов Нариман Амантайұлы, Тұрсынғалиұлы Эльдар жүлделі орындарға ие болды. Ойынға белсенді қатысқандары үшін Жұмабаев Амангелді, Ғайнеденов Нариман, Манапов Мейрамбек марапатталды .
View the embedded image gallery online at:
https://g-masalimova.testim.kz/kz/zha-aly-tar/169-shakhmat-dojby-to-yz-mala-ojyndarynan-sajys.html#sigFreeId4beb927200
https://g-masalimova.testim.kz/kz/zha-aly-tar/169-shakhmat-dojby-to-yz-mala-ojyndarynan-sajys.html#sigFreeId4beb927200









