"Мамандық таңдау - тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу. 14-ақпан күні Атырау облысының 36 - мектеп гимназиясында " Мамандықтар əлемін ашамыз " атты II облыстық форум өткізілген болатын. Форумның мақсаты : Оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Форумға 4аталым бойынша Исатай ауданына қарасты мектептердің намысын қорғап Ғ. Мəсəлімов, Аққыстау, Нарын орта мектептерінің оқушылары бақ сынасты. Нəтижесінде " Осындай мамандық бар " номинациясы бойынша өз жобасын қорғаған 9 " ə " - сынып оқушысы Қайырлиева Балбөбек Алғыс хатпен марапатталса, " Мамандық кеше, бүгін, ертең " номинациясы бойынша КТК жастар арасында Ғ.Мəсəлімов орта мектебінің " Мəсəлімов жастары " құрама командасы жүлделі І орынды иеленіп, республикалық көлемдегі сайысқа жолдама алып келді. Келешегіміздің кепілі болатын бүгінгі шəкірттер өз мақсаттарының анық екендігін бүгінгі бəсекеде айрықша дəлелдей түсті.