"Жарқын болашақтың бейнесі - жастар ". 
 
#JastaryIsatai  Исатай Жастар Ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауыл жастарын қолдау жəне жастардың белсенділіктерін арттыру мақсатында " Исатай жастарының ауылдардағы күндері " жобасы аясында 18 ақпан күні мектебімізде " Oi zerek " интеллектуалдық ойыны өткізілген болатын. Ойынның мақсаты : Ойын арқылы жас ұрпақты алғырлыққа, шапшаңдыққа тəрбиелеу. Ойынға мектебіміздің жанынан құрылған " Birgemiz " Еріктілер клубының мүшелері жəне Новобогат орта мектебінің оқушылары белсенді қатынасты. Ойын барысында əр оқушы өз ойының, арман-мақсатының ел үшін игілікті іске жарайтындығын дəлелдей түсті.