Бүгін мектепті үздік бітірген түлектерімізді өмірлерінің жарқын белесі, бүгінгі ерекше қуаныштарымен құттықтаймыз!


Адамзат баласы өмір бойы білім жинайды. Өйткені білім – жалықтырмайтын жол, таусылмайтын қазына. Сіздер ізденудің алғашқы баспалдағын аяқтап, келесі биік сатыларына аяқ басқалы тұрсыздар.


«Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу» деген екен ұлы ғұлама әл-Фараби бабамыз. Сол айтқандай, жаңалыққа жаны құмар, әлемнің көшіне ілесетін, озық ойлы жастар ретінде сіздерден үлкен үміт күтеміз.


Жоғары білім алып, Отанымыздың білікті маманы ретінде еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз.


Бүгінгі «Алтын белгі» иегері Амантайқызы Аяжанға, "Үздік куəлік" иегері Наубетова Анарға осындай тілек айта отырып, үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, табыс биігінен көріне беріңіздер, Ақ жол! – дейміз.


#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#АтырауƏдістемелікорталығы
#ОрынтайБиманова
#ИсатайАуданыТəрбиебөлімі