2020жылғы 10-тамыз бен 25қыркүйек аралығындағы "Қауіпсіз мектеп ортасы" республикалық акциясының жұмыс жоспарына сәйкес 4қыркүйек күні "Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы-серіктестер" тақырыбында мектебіміздің ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары:Кенжеғалиева Гүлдана Темірғалиқызы, Кадырова Бактыгүл Нәбенқызы, мектеп психологтары: Еспусинова Гүлбану Қадырбайқызы, Тауманова Балжан Махмудқызы, мектеп инспекторы:Жумалиева Назерке және де  ата-аналар қатысты. Ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие
#АтырауӘдістемелікорталығы