Мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына Адалдық сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік беру;
Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Оқушыларымызға "Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. "Адалдық” деген сөз- шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас."- деп адалдыққа байланысты түсіндірме мәтіндер, презентация, нақыл сөздер көрсетілді. Оқушыларымыз тақырып аясында сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие
https://g-masalimova.testim.kz/kz/zha-aly-tar/275-adaldy-adamny-e-asyl-asieti.html#sigFreeIda4066d65fb









