2020 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Қапшағай қаласы "Балдәурен" РОСО орталығында ауылдық оқушыларына арналған IQanat олимпиаданың Республикалық 3-ші кезеңі өтті. Оған еліміздің 14 облысынан 488 қатысушы қатысты. Слетте балалар өзін-өзі дамыту бойынша тренингтерге және оқыту семинарларына қатысты, өз аудандарының қамқоршыларымен кездесті, көшбасшылық сабақтарына қатысты, жаңа достар тапты және ұмытылмас эмоциялар алды!
Атырау облысынан республикалық слетке 21 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша биыл алғаш рет барлық пәндер бойынша ең жоғары орташа балды Атырау облысының командасы жеңіп алды.
Өз пәндері бойынша үздік нәтиже көрсеткен жүз оқушы қатарына Атырау облысынан бес оқушы кірді:
- Қонысова Әсел (Жылыой ауданы, математика),
- Ғалымов Бектөре (Құрманғазы ауданы, физика),
- Қайырлиева Балбөбек (Исатай ауданы, физика),
- Акмадиева Нұрлыгүл (Исатай ауданы, эссе),
- Серік Әдемі (Қызылқоға ауданы, эссе).
Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз, сәттілік, табандылық тілейміз!
.









