Мектебімізде  кішкентай бүлдіршіндерді кітап патшалығымен таныстыру, оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында  кітапханаға  келіп түскен жаңа кітаптармен таныстыру жұмыстары жүргізілді.Ең бірінші бүлдіршіндерге «Даналық әліппесі» Инновациялық сөйлейтін қалам нұсқаулығымен таныстырылды.

 

«Даналық әліппесі» кешенінің мазмұнына қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі, аталар сөзі, бабалар батасы енгізілген. Олар баланың туғаннан бастап, жас және жеке ерекшеліктеріне сай рухани құндылықтар арнасында тәрбиелеуге, дамытуға, қалыптастыруға бағдарланып, бірізділік ұстанымы негізінде біртұтас күйде жүйеленіп беріледі. Аталған кешен нұсқаулық, он екі кітап және сөйлейтін қаламнан тұрады. «Даналық әліппесіндегі» даналық әлемі кеңістігін түзетін қайнар көз ретінде ұсынылған халықтық туындылар электрондық дыбыстау құралдары арқылы тыңдалады.
Кітаптарға қызығушылық танытқан оқырмандар болса кітапхана есігі әрдайым ашық.

 

Көріңіздер, оқыңыздар, алыңыздар.
#БілімБөліміИсатай
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#ИсатайАуданыТәрбие
#АтырауӘдістемелікорталығы