Жалпы білім беретін Ғ. Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ- сінің 6”ә” сыныбында “Қыз - қылығымен көрікті ” тақырыбында әңгіме сағаты өтті. Кішкене болса да қыздар ата- анасынан, достарынан, мұғалімдерден алған түсініктерін ортаға салып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ашуға тырысты. Сынып жетекшісі Гүлайна Бекежанқызы қыздармен ашық сұрақтар арқылы терең мағыналы әңгіме жүргізе білді. Қыздарымыз қылықты болсын!