Елбасының жолдауында Қазақстан халқына «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс»делінген. Салауатты өмір салтын ұстану әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызды, дұрыс тамақтануымызды, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитарлық  шараларын сақтауымызды қажет етеді. «Дені сау адам -табиғаттың ең қымбат жемісі»,-деп бекер айтпаған.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімі, облыстық Білім беру басқармасының 2021жылғы 3 желтоқсан күнгі 06-01-06-02-4/1647 санды хатына негізінде 4-8 желтоқсан күндері қатерлі заттардың қатарын азайту мақсатында "Вейп-саулыққа өте қауіпті!" апталығы аясында электронды шылым проблемасының маңыздылығын ескере отырып, қатерлі заттардың қатарын азайту мақсатында жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ-де «Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары, сынып сағаттары  өткізілді.