«Жас Ұлан» - біз тәртіпті сүйер айбынбыз!
«Жас Ұлан»- біз кіршіксіз, таза, айдынбыз!
Көк, галстук, төс белгіні тағынып,
«Жас Ұландар» атануға дайынбыз!

Жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ-де Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай  мектебіміздің аға тәлімгері Мурзагалиева Лиза Әлібекқызының ұйымдастыруымен "Жас Қыран" мен "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау  салтанатты шарасы өтті. Ұйымға 32 "Жас Қыран", 34 "Жас Ұлан" оқушылар қабылданды. Қабылданған оқушылар Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН! деп ант қабылдады.

#МартаКанатова
#Тәуелсіздікке30жыл
#ЖасҰлан10жыл