"Биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы «Балалар жылы» деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы  жаңажылдық құттықтауында айтты. Ол «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін» – деді.
Осыған байланысты жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ-де мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  Хиясова Қойсын Құбашқызы мен Кадырова Бактыгүл Нәбенқызының, қазақ тілі пәні мұғалімдері Калимова Гулрауза Токтарбайқызы мен жас ұстаз Сыралиева Инабат Сыралықызының ұйымдасуымен 7"ә, б -сыныбы оқушыларына "Бақытты балалар- бейбіт елдің тірегі" тақырыбында эссе жазу жұмыстары  жүргізілуде.
#ИсатайАуданыТәрбие
#ИсатайАудандықБілімБөлімі
#Балаларжылы2022