"Фасилитация – бұл басқару стилі, оның тәсілі директивті емес, яғни басқару жүйесінің өзін – өзі ұйымдастыру шеңберінен шықпайтын қарапайым басқарудан ерекшеленеді. Бұл топтық жұмысты ұйымдастыруға бағытталған арнайы әрекеттер."
Осыған сәйкес, Атырау облысы, Исатай ауданы, Жалпы білім беретін Ғ. Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ-де Исатай аудандық білім бөлімінің әдіскерлерінің ұйымдастыруымен Исатай аудандық білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары арасында ҰБТ дайындығының ұйымдастырылуы мен нәтижелері" тақырыбында тыңдалым, МБ мен ИЖЖО-ға арналған " Мектепішілік бақылау"; Сапа мен көрсеткіш" тақырыбында фасилитациялық сессиясы өткізілді.
Фасилитацияның мақсаты – дұрыс әдісті табу, ол топқа жасампаз және нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік беру.
Сессия барысында барлық қатысушылар өз жұмыстарын қорғап, тәжірибелерімен бөлісті.
#Фасилитациялықсессия
#Педагог