"Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, бұл ата - ананың басты міндеті.
Сол себепті ата - аналар бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, олардың күнделік немен шұғылданып жүргендерін, бос уақытта немен айналысатынын қадағалап, олармен жақсы қарым - қатынаста болыңыздар‼️
Отбасында тәрбиеленуші балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және ескерту, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бағытында 27 - 30 наурыз күндері аралығында «Жанұя және бала» жедел алдын алу іс - шарасы Атырау облысы, Исатай ауданы, Жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ - нің ата - аналарына Қамысқала ауылдық мәдениет үйінде Исатай ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері ата - аналар арасында жиналыс өткізді.
https://g-masalimova.testim.kz/kz/zha-aly-tar/506-zhan-ya-zh-ne-bala-is-sharasy-ata-analar-a-t-sindirme-zh-mystary-zh-rgizilude.html#sigFreeId6491b9a35e









